Шымкентте «ксивалы Нұрболдың» ізбасары пайда болды

Ulysmedia
Фото: ЖИ

Шымкентте өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған азаматтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйек айында азамат ЭТҚ қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген.

“Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған.Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды”, – дейді агенттік өкілдері.

Ведомство азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырды.

КОНТЕКСТ

 

Еске салайық, бұдан бұрын Қазнетте “ксивалы Нұрбол” деген атпен танылған Нұрбол Кәрімов есімді азамат Қазақстанның өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырып,
Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық нысандарды орналастыру үшін жер телімін беруді талап еткен.

Сондай-ақ, Нұрбол Кәрімов 2016 жылы оны  Алматы Талғар тас жолында нөмірсіз көлік жүргізгені үшін жол полициясы қызметкерлері тоқтатқан.Нұрбол Кәрімов ол кезде өзін Құлыбаев Нұрбол Тимурұлы деп таныстырып, байланыстарымен қорқытқан. Кейін жеке тұлғасын анықтап, айыппұл салынған.