Өскемендегі жарылыс: төрт адам ауруханаға түсті

Ulysmedia
Фото: Pixabay.com

Өскемен қаласында "Қазцинк" зауыты аумағындағы төтенше жағдайдан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ мәлімдемесі

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта құтқарушылар қираған құрылымдарды аршып, өрт ошағын толық сөндіру үшін сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

“Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Оқиға орнында 40 құтқарушы мен 10 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр. Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр”, – дейді төтеншеліктер.

Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің қатысуымен жедел штаб құрған.

Жарылыс

Еске салайық, бүгін Өскемен қаласында зауыт аумағында жарылыс болды. Куәгерлер алдымен қатты жарылысты естіген, содан кейін нысаннан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлаған.