Нұрлыбек Нәлібаев ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАРЛЫҚ
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
МАНСАП ЖОЛЫ
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 2005 жылдан бастап Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылы қала әкімі болып тағайындалса, 2022 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келді.
СКЛЯР АҚОРДАҒА АУЫСТЫ
Еске салайық, бұған дейін бірінші вице-премьер болған Роман Скляр Ақордаға ауысты. Бұдан былай ол Президент әкімшілігін басқарады.