Қызылордаға жаңа әкім қашан тағайындалатыны белгілі болды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру жөніндегі мәслихат депутаттарының жиналысы 8 мамыр күні өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хабарламада айтылғандай, өңірдің жаңа әкімінің кандидатурасын мәслихат депутаттары осы жұма, 8 мамыр күні бекітпек.

– Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 «Облыс аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қала мен астана мәслихаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру қағидаларын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысы аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының Қызылорда облысы әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру жөніндегі жиналысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 09:00-де өтеді, – делінген Қызылорда облыстық мәслихатының сайтындағы хабарламада.

КОНТЕКСТ
Еске салайық, 2022 жылғы 7 сәуірден бері Қызылорда облысының әкімі қызметін Нұрлыбек Нәлібаев атқарды. 2026 жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысының жарлығымен ол Роман Склярдың орнына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін Нәлібаевтың әкім ретіндегі қызметі немен есте қалғаны туралы жазған едік.