«Шығыстүстімет» шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

KAZ Minerals_official Telegram-арнасының жазуынша,  9 мамырда «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев шахтасында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, қаза болған.

«Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу жүргізілуде. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына тиісті көмек көрсетіледі», – делінген жарияланған ақпаратта.

Бұған дейін Өскеменде «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алған.