Әлеуметтік желілерде «аутизмді толық емдеу», «жалған аутизм» және басқа да нақты емес теориялар туралы қызу мәлімдемелер көбеюіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ерекше балалардың ата-аналарына жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомство азаматтарды күмәнді ақпараттарға сын көзбен қарауға және тек дәлелді медицинаға сенуге шақырды.
“Аутизм спектрінің бұзылыстары (AСБ) — бұл халықаралық медициналық қауымдастық растаған нейродамудың ресми танылған ерекшелігі. Аутизм «тәрбиенің дұрыс болмауынан», гаджеттерден немесе вакцинациялаудан туындамайды”, – дейді дәрігерлер.
Министрлік бүгінгі күні аутизмді «тез және толық емдеуге» қабілетті ғылыми дәлелденген әдіс жоқ екенін атап өтті.
“Ғажайып терапиялардың, күмәнді дәрі-дәрмектердің және жалған ғылыми әдістердің уәделері отбасыларды адастырып қана қоймай, кәсіби көмек алу үшін аса қымбат уақытты жоғалтуға әкелуі мүмкін. Бала үшін ең маңыздысы — ерте анықтау, уақтылы түзету, мамандардың сүйемелдеуі және отбасының қатысуы болып табылады. Балалардың денсаулығы хайптың, манипуляцияның және жалған сенсацияның тақырыбы емес”, – делінген хабарламада.
Қазақстанда жыл сайын аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балалар саны артып келеді. Үкімет дерегіне сәйкес, өсім жылына шамамен 35%-ға жетеді.
Қазір елде психикалық бұзылыстарға байланысты мүгедектігі бар 32,4 мың бала тіркелген. Оның 13,9 мыңы — аутизм спектріндегі бұзылыстар (АСБ) диагнозымен.
Үкімет мұны ең алдымен анықтау деңгейінің артуы мен ерте диагностиканың енгізілуіне байланысты. Атап айтқанда, 16–30 айлық балаларда АСБ қаупін анықтауға арналған M-Chat ерте скринингі енгізілді. Бұрын мұндай балалар статистикаға толық енбей келген.