Амстердам қаласында бірнеше қазақстандық «Атажұрт» белсенділері мен елдегі саяси тұтқындарды босатуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Азаттық радиосының жазуынша, Нидерланды астанасының орталық алаңына жиналғандар елдегі «саяси тұтқындар» мен «Атажұрт» белсенділерін босатуды талап еткен. Сондай-ақ олар Қытайда ұсталған Әлімнұр Тұрғанбайды да босатуды талап еткен.
Акцияға қатысушылар ту өртеу Қазақстан және халықаралық заң бойынша қылмыс емес екенін, бұл тек саяси пікір білдіру тәсілі екенін алға тартқан. Осыдан кейін Қытай туы мен Қытай және Қазақстан басшыларының суреттерін өртеген.
– Қытай мен Шыңжаңдағы «геноцид» тоқтатылсын! Қытай түркі тілді ұлттарға жасаған «геноцидін» тоқтатсын! Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды босатсын! Ол ешқандай қылмыс жасаған жоқ, – деді Қымбат Әбеу.
КОНТЕКСТ
Сәуірдің ортасында Талдықорған сотында Қытай билігін сынаған 19 белсендіге қатысты үкім шыққан. Сот он бір адамды бес жылға бас бостандығынан айырып, қалғанына шартты жаза тағайындаған.
Ulysmedia Қытайда ұсталып, қамауға алынған Әлімнұр Тұрғанбай және оны қолдап наразылық акциясын өткізген белсенділер туралы бұған дейін бірнеше рет жазған.
Оқи отырыңыз: Қамаудағы «Атажұрт» белсенділерінің туыстары араша сұрады