Санжар Боқаев қамаудан босатылмайтын болды

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Қоғам белсендісі Санжар Бокаевке қатысты бұлтартпау шарасы жеңілдетілген жоқ. Бұл туралы Ulysmedia.kz редакциясына оның адвокаты Радмир Утепов мәлімдеді.

Шағым қанағаттандырылған жоқ

Еске салайық, бұған дейін белсендінің қамауда ұстау мерзімі 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылған еді. Қорғаушы тараптың апелляциялық шағымын қалалық сот қанағаттандырмады.

– Бүгін, 2026 жылғы 21 мамырда Алматы қалалық соты біздің апелляциялық шағымымызды қанағаттандырусыз қалдырды. Сот тергеу сотының қорғауымыздағы Санжар Омарұлы Боқаевты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды, – деді Радмир Утепов.

Боқаев қандай күдікке ілінді?

Санжар Бокаев наурыз айында ұсталған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастыруға және құрылыс нысандарындағы ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін.

Сонымен қатар қоғам белсендісі аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке де ілінген.

Бұған дейін Ахиддин Хамракулов есімді азаматтың видеомәлімдемесі қоғамда резонанс тудырған еді. Алғашында ол Боқаевқа қарсы куәлік беру үшін өзіне қысым жасалып, соққыға жығылғанын айтқан. Алайда кейін сөзінен бас тартып, видеоны белсендінің өтінішімен түсіргенін мәлімдеді.

Сонымен қатар адвокат Диас Ахметов өзін азаптау туралы айтуға үгіттегенін мәлімдеді.

Осыдан кейін Бас прокуратура аталған жайт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған.