Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде тағы екі жоғары оқу орны жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атауы әзірге жарияланбайды
Министр мемлекет университеттерді тексеруді жалғастырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, қазір тағы екі оқу орнының лицензиясын қайтарып алу жұмыстары жүріп жатыр. Студенттер арасында дүрбелең тудырмау үшін олардың атауы әзірге жарияланбайды.
«Қазір жүздеген мың студент оқуын жалғастырып жатыр. Егер мен түпкілікті шешім шықпай тұрып қандай да бір рәсімдік ақпаратты айта бастасам, бұл студенттерге әсер етуі мүмкін», — деді Саясат Нұрбек.
Үш ЖОО лицензиясынан айырылды
Соңғы жылдары үш жоғары оқу орнының лицензиясы қайтарылған:
Министр жаңа жабылатын оқу орындары туралы ақпарат тек түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін ғана жарияланатынын айтты.