Олжас Беркінбаев "Amanat" партиясының баспасөз хатшысы – Орталық аппараттың баспасөз қызметінің жетекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Amanat" партиясының баспасөз хатшысы – Орталық аппараттың баспасөз қызметінің жетекшісі тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры – баспасөз қызметінің жетекшісі, сондай-ақ министрдің кеңесшісі – ресми өкілі қызметтерін атқарған Олжас Беркінбаев келді.
Олжас Беркінбаев әр жылдары ҚР СІМ, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде жұмыс істеді, сонымен қатар ҚР СІМ «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті лауазымын атқарды. Қоғамдық коммуникация, ақпараттық саясат және медиа мәселелерімен айналысқан..