Қазақстанда қытай тілін үздік меңгерген студенттер анықталды

Ulysmedia
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттері арасындағы "Қытай тілі көпірі" халықаралық байқауының республикалық кезеңінің қорытындылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қытай тілі мен мәдениетін меңгеріп жүрген дарынды студенттердің басын қосқан “Қытай тілі көпірі” халықаралық байқауының республикалық кезеңі өтті. Зияткерлік байқау қорытындысы бойынша аталған Университеттің шығыстану факультеті шығыс тілдері аударма кафедрасының білім алушылары жоғары дайындық деңгейін, шешендік шеберлігін және қытай мәдениетін терең меңгергендігін көрсеткен. Қатысушылардың сенімді өнер көрсетуі, қытай тілін еркін меңгеруі және шығармашылық көзқарасы қазылар алқасы мен көрермендер тарапынан жоғары баға алған.

“Тимофеев Станислав – І орын

Желдербаева Гаухаржан – ІІ орын

Хамза Томирис – VII орын

І орын иегері Тимофеев Станислав Бейжің қаласында өтетін “Қытай тілі көпірі” халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын болады”, – делінген Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінің ресми сайтында. 

Қатысушыларды  Шығыс тілдері аударма кафедрасының оқытушылары мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Конфуций институтының жетекшілері мен бірлесе отырып дайындаған.