Автобус ішінде хиджабтағы жасөспірім қызға тиіскен зейнеткер ұсталды

Қалижан Бектемір
Фото: видеодан скриншот

Бішкек қаласында қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға қатысты орынсыз әрекет жасаған ер адам құқық қорғау органдарының назарына ілікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиғаға байланысты бейнежазба 11 мамыр күні әлеуметтік желілерде кең тараған. Видеода ер адамның жасөспірім қыздың жеке кеңістігін бұзып, оған жайсыздық тудырғаны көрінеді. Куәгерлердің бірі ескерту жасағаннан кейін ол әрекетін тоқтатқан.

Осы жайт бойынша тексеру жүргізген полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 1957 жылы туған А.Ж. есімді азамат болып шыққан.

ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА

Қырғызстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабына сәйкес ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Кейін ол Республикалық психикалық денсаулық орталығына жеткізіліп, медициналық бақылауға алынған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.