М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің студенті Ақбота Кенжетай халықаралық Face of Kazakhstan 2026 байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Елдің түкпір-түкпірінен дарынды қатысушылар бақ сынаған беделді додада Ақбота өзінің сұлулығы, сахнадағы өзін ұстауы, сенімділігі мен өнерімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.
Face of Kazakhstan — жас таланттарды қолдап, олардың халықаралық сән индустриясына жол ашуға бағытталған ауқымды жоба. Байқау жеңімпаздарына Қазақстан атынан әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндігі беріледі.
“Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Ақбота және тағы екі қатысушы алдағы уақытта Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін халықаралық сайыста Қазақстанның намысын қорғайды”, – делінген аталмыш оқу орны таратқан хабарламада.
Бұл жетістік студенттің жеке табысы ғана емес, университет жастарының әлеуетін және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсететін маңызды нәтиже ретінде бағаланып отыр.