FIFA 2026: Ең көп табыс табатын 11 футболшының тізімі жарияланды

Ulysmedia
Фото: © Image Photo Agency/Getty Images

Forbes FIFA 2026 әлем чемпионатында ең көп табыс табатын 11 футболшының тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Журналдың жазуынша, «екі жаңа миллиардерден тұратын бұл құрам соңғы 12 айда, ең ірі футбол турнирі басталар алдында шамамен 950 миллион доллар табыс тапқан». Бұл туралы бас редактордың орынбасары Бретт Найт хабарлаған.

Автордың айтуынша, 2026 жылғы FIFA әлем чемпионатында бірқатар тарихи жаңалық бар. Атап айтқанда, турнир тарихында алғаш рет 48 команда қатысады. Жарыс алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада бірдей өтеді. Матчтар рекордтық 16 қалада ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлем чемпионатына тарихта алған рет миллиардер футболшылар –  Криштиану Роналду мен Лионель Месси қатысады.

Билет бағалары

Автордың айтуынша, билет бағалары да «миллионерлерге арналғандай». Жуырда FIFA Нью-Джерси штатындағы MetLife стадионында өтетін 19 шілдедегі финалға билет бағасын 32 970 доллар деп белгіледі. Бұл сәуір айындағы бағадан үш есе қымбат әрі 2022 жылғы Катар финалындағы билеттен 20 есе қымбат.

Ең жоғары жалақы алатын футболшылар

1-орында Криштиану Роналду ($300 млн)

Жасы: 41, жылдық табысы: $300 млн, алаңдағы табыс: $235 млн, алаңнан тыс табыс: $65 млн

Криштиану Роналду тек әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы ғана емес, сонымен бірге ең бай спортшылардың бірі болып қала береді. Ол бұл мәртебесін қатарынан төрт жыл бойы сақтап келеді.

Соңғы 12 айда оның жалпы табысы 300 миллион доллар болды. Бұл көрсеткіш әйгілі боксшы Флойд Мейвезердің рекордтық табысымен шамалас деңгейде.

Роналду  табысы 2 миллиард доллардан асқан санаулы белсенді спортшылардың бірі. Forbes дерегіне сәйкес, оның жалпы байлығы шамамен 1,2 миллиард доллар деп бағаланады. Осылайша, ол табысы миллиард доллардан асатын элиталық спортшылар тобына кіреді.

41 жасында ол алтыншы әлем чемпионатына қатысуға дайындалып жатыр. Алайда әлі күнге дейін әлем чемпионатының басты титулын жеңіп алған жоқ.

Соған қарамастан, оның мансабында ірі жетістіктер бар: ол жақында Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен бірге лига чемпионы атанды.

2-орында Лионель Месси ($140 млн)

Жасы 38-де, жылдық табысы: $140 млн,алаңда: $70 млн, алаңнан тыс: $70 млн

Лионель Месси Криштиану Роналду және мексикалық Гильермо Очоамен бірге өз мансабында алтыншы әлем чемпионатына қатысқалы отыр. Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы рекорд.

Аргентина құрамасы 2022 жылғы жеңісін қайталап, төртінші әлем чемпиондық титулын жеңіп алуға тырысады. Ал Месси 24 маусымда 39 жасқа толады және тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізуі мүмкін. Егер ол осы турнирде тағы 4 гол соқса, әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанады.

Қазіргі уақытта әлем чемпионаттарындағы ең көп гол соққан ойыншы – Мирослав Клозе, оның еншісінде 16 гол бар.

Месси тек спортта ғана емес, маркетинг саласында да әлемдік жұлдыз болып қала береді. Ол Adidas, Michelob Ultra және басқа да ірі брендтердің жарнамаларында жиі көрінеді. Тіпті Lowe’s компаниясы оның 3 метрлік үрлемелі мүсінін 99 долларға сатылымға шығарған.

3-орында Килиан Мбаппе ($95 млн)

Жасы: 27, жылдық табысы: $95 млн, алаңда: $70 млн, алаңнан тыс: $25 млн

Килиан Мбаппе Месси мен Роналдуға қарағанда әлем чемпионатына аз қатысса да, ол турнир тарихындағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі болып отыр. Ол 2018 жылы Францияны әлем чемпионы етіп, 2022 жылы финалға дейін жетті. Қазір ол «Реал Мадрид» клубының жұлдызы және 2025–2026 маусымында Чемпиондар лигасының ең үздік сұрмергені атанды.

Әлем чемпионатына дейін ол Fairmont Hotels & Resorts компаниясымен серіктестік орнатып, сондай-ақ Alan сақтандыру компаниясының инвесторы және амбассадоры атанды.

Контекст

Forbes тізімі соңғы 12 айдағы нақты табысқа негізделген. Оған клуб жалақысы, бонустар және жарнамалық келісімдер кіреді. MLS жүйесіне байланысты Мессидің табысы бөлек есептеледі.