Астана қаласында 13 қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, жалынды ауыздықтауға кіріскен.
Сағат 12:09 шамасында өрттің таралуы тоқтатылып, оқшауланғаны айтылды. Жедел әрекеттердің нәтижесінде ашық от толық сөндірілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.