Қарабалық ауданының прокуратурасы қоныс аударушыларға берілетін «экономикалық мобильділік сертификаты» арқылы тұрғын үй сатып алу кезінде заң бұзушылықтарды анықтаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қорстанай облысы прокуратурасының хабарлауынша, Қарабалық ауданының прокуратурасы қоныс аударушылардың тұрғын үй сатып алу үшін тағайындалған мемлекеттің нысаналы көмегін пайдалануының бұзылуын анықтады.
Заң бойынша қоныс аударушыларға жаңа өңірде үй сатып алу үшін 1 625 АЕК көлемінде мемлекеттік қолдау беріледі. Бірақ кейбір адамдар бұл көмекті заңсыз жолмен пайдаланған.
Мәселен, 2024 жылы бір қоныс аударушы жалған сатып алу-сату шартын жасау арқылы 6 миллион теңгеге пәтер сатып алды, оның 3 миллион теңгесі бюджеттік қаражат есебінен қаржыландыруға жатады.
Тексеру барысында пәтер сатушысы нақты 1,6 миллион теңге алғаны, ал шарттағы тұрғын үй құны сатып алушының өтініші бойынша жасанды түрде көтерілгені анықталды.
Сол сияқты, басқа қоныс аударушы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша 2,67 миллион теңге алып, құны 5,5 миллион теңгеге көтерілген пәтер сатып алды.
Алаяқтық фактілері бойынша Қарабалық аудандық прокуратурасы 2 қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қоныс аударушылар кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген жалпы сомасы 5,7 миллион теңге шығынды толық көлемде өтеді, осыған байланысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.
Прокуратура бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды жалғастырып жатыр.