Павлодар облысында бортында 13 адам болған тікұшақ апатты жағдайда қонды

Ulysmedia
@KrivosheyevD

Павлодар облысында "Қазавиаспас" АҚ МИ-8 АМТ тікұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Көлік министрлігінде оқиғаны растады.

- 2026 жылғы 24 маусымда Павлодар облысындағы Заря елді мекенінің маңында Ми-8 АМТ тікұшағы (тіркеу нөмірі UP-MI872) апатты жағдайда қонды. Бұл әуе кемесі «Қазавиаспас» АҚ-ның пайдалануында болған. Ұшудың мақсаты — іздестіру-құтқару жұмыстары (жоғалған адамды іздеу) еді. Әуе кемесінің бортында 13 адам болған: 5 экипаж мүшесі және 8 жолаушы. Авиациялық оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда, – деп хабарлады ведомство.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті бұл жағдайдың себептері мен мән-жайын тексеріп жатыр. Мамандар оқиға орнында тергеу кезеңін жүргізіп, деректерді жинауда.

Тікұшақ адамның іздеу жұмыстарына қатысқан

ТЖМ хабарлауынша, тікұшақ балық аулау кезінде мотоцикл аударылып, аяғын жарақаттап алған 76 жастағы ер адамды іздеу жұмыстарына тартылған. Іздеу операциясы шамамен бір тәулікке созылып, нәтижесінде ер адам табылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

- «Қазавиаспас» АҚ-ның тікұшағы Байдалы ауылының маңындағы егістік алқапта мәжбүрлі қону жасады. Бортта экипаж мүшелері мен құтқарушылар болған. Борттағы барлық адамдар тірі, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ТЖМ.