Енді зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға 100% беруге болады

Ulysmedia
Коллаж: Ulysmedia.kz

Енді әрбір БЖЗҚ салымшысы енді өзінің зейнетақы жинақтарының 100%-ын сенімгерлік басқаруға басқарушы компанияларға бере алады. Тиісті түзетулерді кеше Сенат мақұлдады. Өзгерісті Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов түсіндірді,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Депутаттың айтуынша, бұл қадам зейнетақы жинағының табыстылығын арттыруға бағытталған норма.

«Бұл сіз үшін нені білдіреді? Қазір зейнетақы қаражаты негізінен Ұлттық банктің басқаруында. Және ол қаржыны тіимді басқарғанымен, ақшаның едәуір бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға және мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға инвестицияланады. Бұл сенімді, бірақ әрдайым белсенді нарық бере алатын табыстылықты бермейді», – деді депутат.

Қазіргі таңда қазақстандықтар жеке басқарушыларға тек 50% жинақты ғана бере алады. Енді бұл шектеу алынып тасталады.

«Тәуекел-профиліңізге сай стратегияларды таңдау мүмкіндігі пайда болады. Сіз портфельді қалай бөлуді өзіңіз шешесіз. Мысалы: 20% – жоғары тәуекелді құралдарға, 30% – орташа, 50% – консервативті (ең жоғары қорғау үшін). Айтпақшы, бұл – мүлдем жаңа механизм», – дейді депутат.

Ол жеке стратегиялар мемлекеттік консервативті құралдарға қарағанда әлдеқайда көп табыс әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

«Сіз өз болашағыңыз үшін жауапкершілікті өз қолыңызға аласыз, және “аурухана бойынша орташа көрсеткішті” күтпейсіз”. Сонымен қатар, басқарушыларға салымның номиналын сақтау міндеттемесі бекітіледі. Сондай-ақ Ұлттық банк пен ҚНРДА тарапынан бұл қаржы ұйымдарының қызметіне қатаң бақылау сақталады», – дейді Аймағамбетов.