Қазақстанда 7-сыныпқа дейін телефон қолдануға тыйым салынбақ

Ulysmedia
Фото: tunisnow.tn

Қазақстанда мектептерде телефон қолдануға қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Бастауыш және орта сынып оқушылары сабақ алдында телефондарын өткізуге міндеттеледі,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде смартфонға тыйым қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Оның сөзінше, ведомство қазір тиісті ережені әзірлеп жатыр. Ал жоғары сынып оқушыларына қатысты мәселе әлі толық шешілген жоқ.

Министрдің айтуынша, жоғары сыныптарда шектеулер жеңілірек болуы мүмкін, себебі оқу процесінің бір бөлігі онлайн платформалар арқылы өтеді, сондай-ақ оқушылар ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады.

«Телефондарға қатысты – қазір біз тиісті ережені дайындап жатырмыз. Менің ойымша, жоғары сыныптарда бұл қажет болады, өйткені бізде көптеген пәндер онлайн платформалар арқылы өтеді, сондай-ақ ҰБТ мен SAT-қа дайындық жүріп жатыр. Бұл мәселелерді біз әлі де мұғалімдермен талқылаймыз. 7-сыныпқа дейін сабақ кезінде телефонды тапсыру қажет болады», – деді Сүлейменова.