Қазақстанда 1 шілдеден бастап электр энергиясының бағасы өзгеріссіз қалады

Ulysmedia
Фото: shedevrum.ai

Қазақстанда 1 шілдеден бастап электр энергиясына тарифті көтеру жоспарланбайды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұған дейін «Ашық НҚА» порталында электр энергиясына шекті тарифтерді өзгерту туралы бұйрық пайда болған еді. Алайда кейін бұл құжат кері қайтарып алынды.

Энергетика министрлігі бұл шешімнің күшін жойғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта тарифтер өспейді деген шешім қабылданды. 1 шілдеден бастап тарифтер көтерілмейді», – деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет кулуарында.

Осылайша, 1 шілдеден бастап электр энергиясының бағасы өзгеріссіз қалады.