Израиль әскерінің бір бөлігін Ливаннан шығаратын болды

Ulysmedia
Фото: Mostafa Alkharouf/Anadolu via Getty Images

Израиль әскерінің бір бөлігін Ливаннан шығаруға келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Reuters ақпарат агенттігінің жазуынша, Израиль мен Ливан АҚШ-тың арағайындығымен Вашингтонда атысты тоқтату және бейбітшілік туралы келісімге қол қойған. Бірақ әзірге екі ел арасындағы келісімнің жай-жапсары белгісіз.

The Times if Israel басылымының жазуынша, келісімнен бөлек, Израиль әскерінің бір бөлігін Ливанның оңтүстігінен шығару туралы құжатқа қол қойған.

Келісімге қол қойылғаннан кейін Ливанның елшісі Нада Хамад Моавад оқиғаны «Ливанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қалпына келтіруге, соғыс қимылдарын түпкілікті тоқтатуға және халқымыздың өз жеріне оралуына мүмкіндік беруге бағытталған алғашқы қадам» деп атады.

Контекст

Бұған дейін, 17 маусымда АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Алайда кеше, 26 маусымда тараптар бір-бірін атқылап, келісімді бұзды деп айыптады. 

Оқи отырыңыз: Келісімнің күлі көкке ұшты ма?: АҚШ пен Иран тағы да бір-біріне соққы жасады