Павлодарда көлік аялдамаға соғылды: екі адам қаза тапты

Ulysmedia
Фото: zakon.kz

29 маусымда Павлодар қаласындағы Назарбаев даңғылында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ 

Облыстық полиция департаменітің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Одан кейін ол жарық бағанасына және автобус аялдамасына соғылып, көлік аударылып қалған.

“Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жәбірленуші ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал көлік арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.