Тоқаев Құрылтай сайлауының күнін белгіледі

Ulysmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жарлыққа сәйкес, Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылдың 23 тамызында өтеді. Құжат Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындық пен оны өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуді міндеттейді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жедел қабылдау тапсырылды.

Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасы мен 95-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданған және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ

Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енді. Осыған байланысты қос палаталы Парламент өз жұмысын тоқтатты.

Ел екі айлық өтпелі кезеңге өтті. Осы уақыт ішінде қажет болған жағдайда заңдарды заң күші бар Президент жарлықтары арқылы немесе Конституцияда көзделген жағдайларда Үкіметтің уақытша қаулылары арқылы қабылдауға болады.

Алдағы екі айда Бас прокурор, Ұлттық банк төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Жоғары сот кеңесінің төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалып, жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайға сайлау науқаны өткізілуге тиіс.