Доллар бағамы қайта көтеріле бастады

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендегеннен кейін аздап қайта қымбаттады. Соған қарамастан, оның құны әлі де 490 теңгеден төмен.

Ulysmedia.kz 2 шілдедегі Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы валюта айырбастау пункттеріндегі орташа сатып алу және сату бағамын ұсынады.

Алматы

  • АҚШ доллары – 479,82-481,89 теңге;

  • Еуро – 544,79-550,08 теңге;

  • Рубль – 5,87-6,01 теңге.

Астана

  • АҚШ доллары – 475,99-482,99 теңге;

  • Еуро – 543,99-553,99 теңге;

  • Рубль – 5,75-6,05 теңге.

Шымкент

  • АҚШ доллары – 479,61-481,64 теңге;

  • Еуро – 544,57-551,43 теңге;

  • Рубль – 5,86-5,99 теңге.

Айта кетейік, валюта айырбастау пункттеріндегі бағам күн ішінде өзгеріп отыруы мүмкін.