Алматыда тау өзендеріне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жаңбырлы ауа райына байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Құтқарушылар Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Қарғалы өзендеріндегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап, мониторинг бекеттерінен сағат сайын ақпарат алып отырады. Сонымен қатар судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін Ақсай өзенінің арнасы тазартылды.
– Жауын-шашын басталғанға дейін су басу қаупі бар учаскелерде қала әкімдігінің мердігер ұйымдарының, Құтқару қызметі мен ТЖД-ның күштері мен техникасы алдын ала орналастырылды. Бұл жағдай өзгерген кезде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ешқандай төтенше оқиға тіркелген жоқ. Құтқарушылар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілікті жалғастырып жатыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Үлкен Алматы өзенінің жағалауын қайта жаңарту жобасы тағы да сынның астында қалды. Шілде айының алғашқы нөсерінен кейін жағалаудағы гранит қаптамалар жылжып, кей жерлері бүлінген. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.