Экс-министр Болат Ақшолақов Атырау облысын басқарады

Ulysmedia
Ақорда

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙ

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

– Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.

БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ КІМ?

Білімі бойынша экономист, еңбек жолын мұнай-газ саласындағы компанияларда бастап, кейін мемлекеттік қызметке ауысқан.

Ақшолақов әр жылдары мұнай-газ және энергетика саласында түрлі басшылық қызметтер атқарды. Ол ҚазМұнайГаз құрылымдарында жұмыс істеп, сондай-ақ энергетика саласындағы бірқатар жобаға жетекшілік етті.

Мемлекеттік қызметте ол энергетика министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары сияқты лауазымдарда болды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының энергетика министрі қызметіне тағайындалып, елдің отын-энергетика кешеніне қатысты мәселелермен айналысты.

2023-2025 жылдары президенттің кеңесшісі қызметін атқарды. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылғанын хабарлағанбыз. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.