Тоқаев Ұлытау облысының әкімін де қызметінен босатты

Ulysmedia
Үкіметтің баспасөз қызметі

Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, – делінген құжатта.

ДАСТАН РЫСБЕКОВ

Дастан Рыспеков бұл  өңірді 2024 жылдың шілде айынан бастап басқарды. Әкім қызметіне тағайындалғанға дейін ол ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда түрлі басшылық лауазымда жұмыс істеген.

Жаңа өңір басшысының есімі жергілікті мәслихат депутаттарымен келісу рәсімінен өткеннен кейін жақын арада жарияланады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева бұған дейін "Әкімдер" жобасы аясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековпен сұхбаттасқан еді. Әңгіме барысында "Қазақмыс" корпорациясының өңір экономикасындағы рөлі, корпорация төңірегіндегі кейінгі талқылаулар, әлеуметтік жауапкершілік және салық саясаты кеңінен сөз болды. 

Әкім Жезқазған мен Ұлытау облысының ондаған жыл бойы инфрақұрылымдық дамуынан неге кенже қалғанын түсіндіріп, бұл күні су, жылу, медицина, экология және жол мәселелерін шешу бағытында қандай нақты қадамдар жасалып жатқанын баяндап берді.

Сондай-ақ сол кезде Дастан Рыспеков өңірдегі нақты нәтижені көрсету үшін кемінде үш жыл қажет екенін айтып еді.