Энергетика министрлі КҚК терминалындағы танкерге жасалған шабуылды растады

Ulysmedia
Cpc.ru

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында болған оқиғаға қатысты ақпарат таратты.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстанның Энергетика министрлігі мәліметінше, мұнай тиеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «NELSA» танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған.

Оқиға 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні болған. Дрон шабуылынан кейін кемеде өрт тұтанған. Алайда экипаждың жедел әрекеті мен тиісті қызметтердің жұмысы нәтижесінде өрт қысқа уақытта сөндірілген.

Министрліктің хабарлауынша, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Сонымен қатар мұнайдың төгілуіне жол берілмеген.

Қазіргі уақытта мамандар танкердің техникалық жағдайын тексеріп, шабуылдың салдарын бағалап жатыр.

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің наразылығына қарамастан, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында мұнай тиеп жатқан танкерлерге дрондар шабуыл жасап жатқанын хабарлаған едік.