Қытайда медициналық себепсіз жасанды түсікке тыйым салынды

Ulysmedia

Қытай билігі мұндай қатаң шара әйелдердің репродуктивті денсаулығын жақсартуға бағытталғанын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

The Guardian басылымының хабарлауынша, Қытай билігі жыныстық тәрбие сабағын енгізу, отбасын құруды жоспарлауға қатысты қызмет көрсету мәселелері бойынша бірқатар шара қабылдамақ.

«Гендерлік теңдік бойынша негізгі ұлттық саясат пен балаларға басымдық беру қағидаты толық орындалуы тиіс», - дейді Әйелдер мен балаларға арналған мемлекеттік кеңестің Ұлттық жұмыс комитеті директорының орынбасары Хуан Сяовэй.

1979 жылы Қытай билігі «Бір отбасы – бір бала» атауына ие болған босануды бақылау науқанын бастады. 2016 жылы бала санына қойылған шектеу ішінара алынып тасталды, бірақ туу көрсеткішінің артуы күткен нәтижені ақтамады.

2020 жылы Қытайда туу көрсеткіші оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендеген соң, 2021 жылы әр отбасыға 3 сәбиге дейін босануға рұқсат берілді.