Екі чемодан есірткі: 22 жастағы қазақстандық 16 жылға сотталды

Ulysmedia
Фото: pixabay.com

Таиландтан ірі көлемде есірткі партиясын Қазақстанға алып өтпек болған 22 жастағы Қазақстан азаматы16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Ulysmedia.

Толығырақ

Бас прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, 22 жастағы қыз ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды алып келуге келіскен.

– Алматыда Таиландтан ірі көлемдегі есірткі партиясын елге алып өтпек болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын контрабандалық жолмен алып өту және олардың заңсыз айналымы бойынша кінәлі деп таныды», – делінген хабарламада.

Cотталушы Алматы әуежайына қонған сәтте ұсталған. Сот үкімі заңды күшіне енді.