Тарихи медаль! Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды

Ulysmedia
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды. Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолықты.

Шешуші кездесу 40:45 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Турнир барысында қазақстандықтар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді.

Осылайша, шпагашылар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін бұл сайыстағы команданың ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын.