Бектенов бизнесті цифрландыру деңгейін сынға алды

Ulysmedia
Primeminster.kz

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің цифрландырылу деңгейін сынға алды. Оның айтуынша, бизнесті қолдау бойынша қызметтердің 60%-ы әлі де қағаз жүзінде көрсетіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарты жыл ішінде түзету керек

– Кәсіпкерлерді қолдау бойынша қызметтердің 60%-ы әлі күнге дейін қағаз жүзінде көрсетіледі. Бұл жағдайды өзгерту керек, – деді Бектенов Үкімет отырысында.

Ол Ұлттық экономика министрлігіне «Атамекен» палатасымен бірлесіп, жыл соңына дейін бұл қызметтерді қайта жобалап, жедел цифрландыруды тапсырды. Қызметтерді eGov Business платформасына көшіру қажет.

Сонымен қатар премьер-министр рұқсат беру және лицензиялау жүйесін жаңғыртуды тапсырды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл жұмысты алты ай ішінде аяқтауға тиіс.

Контекст

Еске салайық, Үкімет отырысында Халыққа қызмет көрсету орталықтары AI-кеңселерге айналатыны да айтылды.

Жаңа тұжырымдама бойынша азаматтар жалпы кезектен бас тартып, мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.

Сондай-ақ елімізде әлеуметтік төлем алушыларды жасанды интеллект анықтайтынын жазғанбыз.