Дастан Сәтбаев «Челси» клубымен ресми түрде келісімшартқа отырды

Ulysmedia
threads.com/blueseasondaily

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев 18 жасқа толған күні Лондонның «Челси» клубының толыққанды ойыншысы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Ересектер арасындағы келісімшарт және ФИФА шектеулері

Алматылық «Қайраттан» ағылшындық  «Челсиге» көптен күткен трансфер 12 тамызда, футболшы 18 жасқа толған күні ресми түрде аяқталды. Тараптар трансфер туралы келісімге 2025 жылдың басында-ақ қол қойған. Алайда кәмелетке толмаған футболшылардың халықаралық трансферіне қатысты ФИФА талаптарына байланысты қазақстандық шабуылшының Англияға ауысуы оның 18 жасқа толғанына дейін кейінге қалдырылды.

Transfermarkt мәліметінше, трансфер құны 2,4 миллион еуро болған, ал ұзақмерзімді келісімшарт 2033 жылға дейін жасалған.

Құжаттық рәсімдерге қарамастан, Сәтбев шілде айында-ақ лондондық клубтың орналасқан жеріне барып, Хаби Алонсоның жетекшілігімен маусым алдындағы дайындыққа қатысып үлгерді. Шабуылшы Англиядан тыс жерде өткен төрт жолдастық матчтың үшеуінде алаңға шықты.

Қазақстандық футболшы «көкшілдер» жанкүйерлерін бірден тәнті етті. Ол «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы дебюттік кездесуінің жетінші минутында әдемі гол соқты.

Енді 18 жастағы шабуылшының атақты «Стэмфорд Бридж» стадионында ойнауға мүмкіндігі бар. Оның Лондондағы дебюті 15 тамызда «Реал Сосьедадқа» қарсы жолдастық кездесуде өтуі мүмкін.

«Қайратқа» орала ма, әлде Еуропадағы мансабын жалғастыра ма?

Қазір лондондық клуб басшылығы жас шабуылшының алдағы мансабын қалай жалғастыратынын қарастырып жатыр. Негізгі мақсат – Сатпаевтың тұрақты ойын тәжірибесін қамтамасыз етіп, кәсіби деңгейде одан әрі дамуына жағдай жасау.

Сондай мүмкіндіктердің бірі – футболшыны қысқа мерзімге өзінің бұрынғы клубы «Қайратқа» жалға беру. Сонымен қатар «Челси» құрамына кіретін холдингтің француздық «Страсбур» клубына жіберу нұсқасы да талқыланып жатыр.