Елімізде демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді

Ulysmedia
ЖИ/ Ulysmedia

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Циклон жаңбыр алып келеді

22-24 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Онымен бірге жаңбыр мен найзағай келеді.

– Кей жерлерде жауын-шашын қатты болуы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал, – деп ескертеді «Қазгидромет».

Мұндай ауа райы елдің басым бөлігінде күтіледі.

Батыста аптап ыстық сақталады

Қазақстанның батысында жағдай өзгеше болады. Бұл өңірлерге антициклон әсер ететіндіктен, айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.

Күндіз ауа температурасы +34...+39 градусқа дейін көтеріледі.