«AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құрғандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Ulysmedia

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды. Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек.

Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген.

Айта кетейік, қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.