Непалдағы су тасқынынан 400-ге жуық адам қаза тапты

Ulysmedia
Prabin Ranabhat / AFP

Непалда болған алапат су тасқынынан қаза тапқандар саны 389 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Зардап шеккендер саны 466 адамға жетті. Сонымен қатар шамамен 1000-1500 адамның, оның ішінде жүздеген шетелдік турист пен қажының тағдыры әзірше белгісіз. Іздеу-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына 4,3 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. Мамандар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Контекст

Су тасқыны 26 тамызда болып, ауқымды қирауға себеп болды. Табиғи апат Гималайдағы бірқатар ауданды қамтып, қаза тапқандар саны әлі де өсіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ірі мұздықтың опырылуы себеп болған. 26 тамыз күні таңертең Гималайдағы мұздықтың алып бөлігі бөлініп, Лангтанг ұлттық паркі аумағындағы аңғарға құлаған. Бұл аймақ Катмандудан шамамен 60 шақырым солтүстікте, Непал мен Тибет шекарасына жақын орналасқан.

Мұздықтың опырылуы салдарынан таудан төмен қарай жойқын су мен лай ағыны жүріп, елді мекендер қирап, көптеген адам қаза тапты.

Еске салайық, бұған дейін Непалдағы су тасқынынан кейін Қазақстан азаматының хабар-ошарсыз кеткені хабарланған еді. Әйел табиғи апаттан кейін Қытай шекарасынан өткен туристік топтың құрамында болған.