Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жек үшін алатын гонорарының мөлшерін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Еркебұлан Тоқтардан сұхбат барысында бір жекпе-жектен қанша табыс табуға болатыны сұрады. Спортшының айтуынша, оның гонорары ондаған миллион теңге болады.
– Бір жекпе-жекке шамамен 40-50 миллион теңге. Мен саудаласамын – өзімді осылай сатамын, – деді файтер AlibekovKZ YouTube арнасына берген сұхбатында.
Журналистің бұл соманың расымен осындай екенін нақтылауына жауап берген Тоқтар гонорарының мөлшерін растады.
Осылайша, спортшының айтуынша, ол бір жекпе-жек үшін шамамен 40-50 миллион теңге алуы мүмкін. Сонымен қатар Тоқтар соңғы сома келіссөздерге байланысты екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты жеңген болатын.