Экс-министр Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзарды

Ulysmedia

ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», - деп мәлімдеді елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.

Еске салсақ, 2022 жылғы 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Сонымен қатар, өткен айда А.Мұхамедиұлының ісіне қатысы бар деген кіүдікпен «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды.

Антикор мәліметінше,  экс-орынбасары А.Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан.