Павлодарлық журналистің көлігінің дөңгелектерін жарып, үстіне бояу төккен

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Павлодарда бейтаныс біреулер журналист Ольга Вороньконың көлігінің төрт дөңгелегін де жарып, көлігіне жасыл дәрі (зеленка) мен сия төккен. Журналист бұл шабуылды әскери комиссариат пен ҰҚК департаменті туралы жазған мақаласымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Вороньконың айтуынша, ауладағы көліктердің арасынан тек оның көлігіне бүлдірген. Қалған көліктерге тиіспеген.

Көлікті эвакуаторға тиеу кезінде оның астындағы қоршаудың ішінен бірнеше литр жасыл дәрі төгілген.

– Эвакуаторшы да, көлік жуатын жердің иесі де аң-таң болды. Дәріханалардан қанша құты сатып алғанын есептей алмаймын, – деп жазды журналист.

Салдарынан жасыл дәрі Вороньконың көлігіне ғана емес, эвакуатор мен көлік жуу орнына да төгілген.

Бұған не себеп болды?

Журналистің айтуынша, оқиға оның әскери комиссар мен ҰҚК департаменті туралы жуырдағы жазбаларынан кейін бірден болып отыр.

Контекст

Бұған дейін «Ахуал сегодня» YouTube-арнасының журналист әрі авторы Азамат Омаровтың екі айға жуық уақыттан бері тергеу изоляторында отырғанын жазған едік. Ол алауыздық қоздыру туралы бап бойынша қамауға алынған.

Халықаралық «Әділ сөз» қоры биліктен оған қатысты қылмыстық қудалаудың негіздерін ашық жариялауды талап етті.