Астанада салынып жатқан элиталы тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Ulysmedia
Видео кадры

Астанада Ұлттық музейге жақын жерде салынып жатқан Grand Monaco тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Кадрлардан қою түтін мен ашық жалынды көруге болады. Видеоға қарағанда, өрт ғимараттың кемінде сегізінші қабатына дейін жеткен.

Ulysmedia.kz журналисінің айтуынша, оқиға орнына өртсөндірушілер мен жедел жәрдем бригадалары келген.

Ulysmedia.kz редакциясы Астана Төтенше жағдайлар департаментіне ресми сауал жолдады.

Жоба туралы не белгілі?

Grand Monaco тұрғын үй кешені Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында салынып жатыр.

Bazis-A құрылыс компаниясы бұл жобаны тұңғыш президент саябағы мен елорданың орталық бөлігіне жақын орналасқан премиум санаттағы тұрғын үй кешені ретінде таныстырады.