Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Сырым Қаржас
nazarbayev.kz

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отбасыларына көңіл айтты

Қайғылы оқиға туралы Назарбаевтың сайтында 25 қыркүйекте хабарлама жарияланды.

– Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, – делінген хабарламада.

Назарбаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге батып кеткен.

Нақтылаған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия қайғылы жағдайдың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Кейінірек Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды. Қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған.