Болат Өтемұратов Қоры Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөлінеді. Бұл қаражат қаза тапқандардың отбасыларына мемлекет тарапынан қарастырылған қолдау шараларына қосымша атаулы көмек ретінде беріледі.
Болат Өтемұратов қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Контекст
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болды. Әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстанда 25 қыркүйек Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.