Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жұмысына кешенді тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
26 қыркүйектегі өкімге сәйкес, арнайы комиссия министрліктегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізеді.
Комиссия төрағасы болып Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева тағайындалды.
Оның орынбасары қызметін Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов атқарады.
Комиссия құрамына сондай-ақ:
Комиссия жеті күн ішінде тексерудің алғашқы нәтижесін баяндауға тиіс.
Өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Оқиға мәні
Еске салайық, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде болған.
Жел күшейген сәтте әскери қызметшілер суға кеткен. Алғашында Қорғаныс министрлігі теңізге 19 адам кеткенін хабарлаған еді. Кейін олардың саны 17 болғаны нақтыланды. Соның 14-і қаза тапты.
Маңғыстау облысының тұрғындары ауа райының қолайсыз болатыны алдын ала белгілі болғанын айтқан.
23 қыркүйекте синоптиктер дауылды ескерту жариялаған. Ол 24 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін күшінде болған.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қайғылы оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бірінші іс ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау дерегі бойынша, екіншісі кеме жүргізу қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеліп жатыр.