АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф қазанда Қазақстанға келуі мүмкін. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында Астана америкалық делегацияларды қабылдауға дайындалып жатқанын, ал Вашингтонның Қазақстанға қызығушылығы айтарлықтай артқанын айтты.
Мән-жай
Бұған дейін Стив Уиткоффтың Қазақстанға келуі мүмкін екенін америкалық сенатор хабарлаған еді. Мұхтар Тілеубердіге Дональд Трамптың арнайы өкілінің сапары нақты келісілді ме деген сұрақ қойылды.
– Қазір Қазақстанға ол ғана емес, америкалық көптеген делегация келіп жатыр. Олармен талқылайтын мәселелер ауқымы өте кең. Оның ішінде цифрландыру мен жасанды интеллект те бар. Мұнай және металлургия салаларында америкалық инвестициялар бар. Біз оларға тиісті жобалар дайындауымыз керек. АҚШ тарапының Қазақстанға қызығушылығы өте жоғары, – деді министр.
Уиткофф туралы не белгілі?
Стив Уиткофф – АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі.
Кейінгі жылдары ол АҚШ әкімшілігінің халықаралық қақтығыстарға қатысты маңызды келіссөздеріне қатысып, Ақ үй атынан басқа мемлекеттердің өкілдерімен байланыс орнатып жүр.
Контекст
Бұған дейін Мұхтар Тілеуберді Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясына сапарының қорытындысы туралы айтқан еді.
Сыртқы істер министрі Ресей және Украина өкілдерімен келіссөздер, АҚШ-пен қарым-қатынас, Таяу Шығыстағы ахуал, су мәселесі және Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы сөз қозғаған.