Үрлемелі қайыққа мінген үш адам Каспий теңізіне шығып кеткен. Құтқарушылар оларды аман-есен тауып, жағаға жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға өткен түні Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий жағалауында болған. Қатты жел үш адам отырған үрлемелі қайықты ашық теңізге қарай алып кеткен.
Оларды іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары бірден аттанды. Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағаға аман-есен жеткізген.
Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Контекст
Каспийдегі бұл оқиға «Хазар Қорғаны – 2026» әскери оқу-жаттығуындағы қайғылы жағдайдан бес күн өткен соң болды.
24 қыркүйекте 17 әскери қызметші суға кеткен еді. Олардың 14-і қаза тапты.
Кейін әскери қызметшілердің құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмегені белгілі болды.
Бас прокуратура қызметке салғырт қарау және кемені жүргізу қағидаларын бұзу деректері бойынша қылмыстық істер қозғады. Бірнеше командир ұсталды.