Демаркация: Қазақстан мен Ресей шекараны әлі бөліп бітпей жатыр

Аян Өрібай

Сенат кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары –  Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Қазақстанның көрші елдермен шекараны белгілеу мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Мемлекеттік шекарада даулы учаскелер жоқ. Қытаймен мемлекеттік шекара мәселесі толығымен жабылды. Қырғызстанмен де жабық. Бізде Түркіменстанмен ратификация ғана қалды. Өзбекстан және Ресеймен мәселе бар – ол жерде тек Шығыс Қазақстан облысы қалды. Таулы аймақтар бар, жұмыстарды жүргізу өте қиын. Жұмыс жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Олар дер кезінде аяқталады деп ойлаймын. Әзірге даулы, түйткілді мәселелер жоқ», - деді ол.

Журналистер одан Шығыс Қазақстан облысында Ресеймен арада мәселе бар ма деген сұрақ қойылды.

«Бұл әлемдегі ең үлкен шекара – 7,5 мың шақырым. Ал Шығыс Қазақстан облысының таулары өтетін жерде шағын учаске қалды. Мәселе мынада, демаркация болған кезде жұмыстың екі кезеңі болады – біріншісі теориялық, яғни мемлекеттік шекара бойынша жазбаша түрде қол қою керек. Ал екінші кезең – тәжірибелік кезең, пункттер мемлекеттік шекара сызығының қай жерден өтетінін белгілейді. Климаттық жағдайларды, ауа райы жағдайларын және жер бедерін ескере отырып, жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Былтыр Шемонаиха ауданында, одан кейін Семей учаскесінде аяқталды, ал Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыстар аяқталды. Жұмыстың шамамен 50 пайызы қалды. Ұзындығы шақырыммен есептегенде 300 шақырымдай. Жұмыс жүріп жатыр», - деп түйіндеді Алдажұманов.