"Отбасы банк" басқа банктердегі ипотеканы қайта қаржыландыруды тоқтатты

centralmedia24.kz

"Отбасы банк" басқа банктердегі ипотеканы қайта қаржыландыруды уақытша тоқтатты. Мұндай қарыздарды беру 23 қазанды қоса алғанға дейін тоқтатылды. Алайда өтініштерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Әңгіме сыртқы қайта қаржыландыру туралы болып отыр. Бұл жағдайда қарыз алушы басқа банктегі немесе қаржы ұйымындағы ипотеканы өтеу үшін «Отбасы банктен» жаңа несие алады. Қазақстандықтардың көпшілігі бұл мүмкіндікті тиімдірек шарттарға ауысу үшін пайдаланған.

Банк үзіліске 1 қазаннан бастап қайта қаржыландыруға қойылатын талаптардың өзгергенін себеп ретінде атады. Алайда нақты қандай ережелер өзгергені хабарламада көрсетілмеген.

Несие беру қайта басталғаны туралы банк қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Контекст

Бұған дейін Астанада жылдық 5 пайызбен, бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталатын 562 несиелік пәтерге өтініш қабылдау басталған еді. Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге.

Өтініштер 19 қазанға дейін Baspana Market арқылы қабылданады.