Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

primeminster.kz

Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

– Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ермек Көшербаев кім?

Ермек Көшербаев — қазақстандық саясаткер және дипломат. Ол 1965 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1988 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша, ал 1993 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Әр жылдары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдар атқарып, министрдің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 2020-2023 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі, 2023–2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды.

2025 жылғы ақпанда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Сол жылдың 26 қыркүйегінен бастап биылғы 28 тамызға дейін сыртқы істер министрі қызметін атқарды.