Шымкентте жолдар мен көшелерге су жайылып кетті

Ulysmedia

Құтқарушылар мен қала қызметтері түні бойы Шымкенттің су басқан көшелерінен суды соруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңбыр нөсерлеп жауғандықтан, жұмыс таңертең де жалғасқан. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, барлығы 2500 текше метрден астам су сорылған.

«Қазығұрт» ықшамауданында Бөгенбай көшесінің бойында және Темірлан тас жолы бойындағы көшелерді су басқан.

«Қаланың коммуналдық қызметтерімен бірлесе отырып су шығарылды. Оған 87 техника, 65 мотопомпа, 173 адам жұмылдырылды. Жалпы 2508 текше метр су сорылып, 800 қап инертті материал төселді. Ешқандай факті жоқ. Нұртас ықшамауданында үйді-үйді су басудың алдын алу мақсатында инертті материалмен дайындалған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді», - делінген департамент хабарламасында.