АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың аяқталуына жақын қалғанын және жаңа келіссөздер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жайы
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс жақын арада аяқталуы мүмкін екенін айтып, бейбіт келісімге бұрынғыдан да жақындай түскендерін мәлімдеді.
Дәйексөз
– Бірнеше күн бұрын Ресей президенті Владимир Путинмен Украинадағы соғысты аяқтау туралы сөйлестім. Менің ойымша, біз бұған жақындап келеміз. Қазір бұл мақсатқа бұрын-соңды болмаған деңгейде жақын тұрған шығармыз, – деді Трамп.
Ол келіссөздер үдерісіне кедергі келтіруі мүмкін қате қадамдарға жол бермеу үшін бар күшін салып жатқанын да айтты.
Контекст
Бұл мәлімдемелердің алдында АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың келіссөздері өтті. 20 қазанда ол Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен, ал 21 қазанда Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.
Кездесулер қорытындысында тараптар үшжақты келіссөздерді қайта бастауға уағдаласты. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков келесі кездесулер қараша айының 10-ы күндеріне жоспарланғанын хабарлады. Алдын ала келіссөздер өтетін орын ретінде Әбу-Даби таңдалды.